Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Жамбыл облысында 15 жастағы оқушы көз жұмды

Жамбыл облысында 15 жастағы оқушы көз жұмды
Фото: freepik

Жамбыл облысының Байзақ ауданында кәмелетке толмағандар арасындағы жанжал қайғылы жағдаймен аяқталды. 15 жастағы мектеп оқушысы алған дене жарақаттарынан көз жұмды. Оқиғаға қатысы бар жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жамбыл облысы білім басқармасының мәліметінше, оқиға 3 қазан күні сағат 22:00 шамасында Байзақ ауылында болған. Кәмелетке толмағандар арасында жанжал туындап, оның барысында 2011 жылы туған жасөспірім дене жарақатын алған. Кейін ол алған жарақаттарының салдарынан қайтыс болған. 

Оқиғаға қатысы бар тағы бір кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталып, полиция бөліміне жеткізілген. Кейін күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап жәбірленушінің өліміне абайсызда әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді қарастырады. 

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары жанжалдың неден басталғанын және оқиғаға нақты кімдердің қатысқанын анықтап жатыр. Қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық іс Жамбыл облысы полиция департаменті басшылығының бақылауына алынған.