Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды

Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды
Фото: gov.kz

Татьяна Савельева Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Тиісті өкімге Мемлекет басшысы қол қойды, деп хабарлайды Arasha.kz.

“Мемлекет басшысының өкімімен Татьяна Михайловна Савельева Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды”, – делінген Ақорда хабарламасында.

Жаңа тағайындаудың алдында Савельеваның Құрылтай депутаты ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған болатын. Бұл шешім 7 қазанда өткен Құрылтайдың кезекті отырысында қабылданды.

Осылайша, ол заң шығарушы органдағы қызметінен Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамына ауысты.

Айта кетейік, бұған дейін бұл қызметті Әскер Бейсенов атқарған. Ол Қорғаныс министрінің орынбасары болып 2023 жылғы 24 сәуірде Президент өкімімен тағайындалған. Бейсенов Қорғаныс министрлігінде бюджеттік жоспарлау және қаржы саласында бірқатар жауапты қызмет атқарған. Сондай-ақ шетелдегі дипломатиялық корпуста жұмыс істеген.