Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 11 адам қаза тапты

Автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 11 адам қаза тапты
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

11 қазанда Түркияның Маниса провинциясында туристік автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 11 адам қаза тапты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Апат Гебзе – Орхангази – Измир тасжолының Ақхисар ауданындағы бөлігінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, автобус жүргізушісі қажетті бұрылыстан өтіп кетіп, артқа қарай қозғалған. Сол кезде артынан келе жатқан ағаш тиелген жүк көлігі автобусқа соғылған. Соққыдан екі көлік те аударылған. 

Оқиға орнына жедел жәрдем, өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жіберілді. Түркияның денсаулық сақтау министрі Кемал Мемишоғлу 27 адамның ауруханада ем қабылдап жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бір адамның жағдайы ауыр, 18 адамның жағдайы орташа, қалған сегізінің жағдайы жақсы.

Апатқа байланысты тергеу басталды. Прокуратура үш прокурорды іске жұмылдырған. Тергеу аясында автобустың негізгі және қосалқы жүргізушілері, сондай-ақ жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.