Семейде 4 қазанда жоғалып кеткен 22 жастағы Нұрасыл Әбеннің денесі табылды, деп хабарлайды Arasha.kz.
2003 жылы туған Нұрасыл Қарағайлы көшесіндегі 50А мекенжайында орналасқан үйінен шығып, қайта оралмаған. Сол күннен бастап жақындары онымен байланыса алмаған.
Іздеу кезінде жігіттің соңғы рет қаладағы жаңа көпір маңындағы бейнебақылау камераларына түскені анықталған. Үйінен шыққан күні үстінде ақ футболка мен қара шалбар болған.
Нұрасылды бірнеше күн бойы еріктілер мен іздеу топтары іздеген. Кейін еріктілер оның денесі табылғанын хабарлады.