Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Әлем

Гватемалада 15 жастағы қызды өлді деп ойлаған: Ол қоштасу рәсімінде есін жиды

Гватемалада 15 жастағы қызды өлді деп ойлаған: Ол қоштасу рәсімінде есін жиды
Фото: The Sun

Гватемалада отбасы мүшелері қайтыс болды деп санаған 15 жастағы қыз қоштасу рәсімі кезінде есін жиған. Оқиға жергілікті тұрғындарды таңғалдырды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Шетелдік БАҚ мәліметінше, Юлейди есімді жасөспірім 10 қазанда медициналық орталыққа бара жатқан жолда өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған.

Қыздың әкесі оның тынысы мен тамыр соғысын тексеріп, тіршілік белгісін байқамаған соң, қызын қайтыс болды деп ойлаған. Алайда жасөспірімді дәрігер тексермеген және оның қайтыс болғаны туралы медициналық куәлік берілмеген.

Осыдан кейін отбасы қызды үйіне алып барып, қоштасу рәсімін ұйымдастырған.

Рәсім кезінде анасы табыттың ішінде қозғалыс барын байқаған. Туыстары табытты ашқанда, қыздың есін жиып келе жатқанын көрген. Кейін ол отырып, сөйлей бастаған.

Жасөспірімнің өзі есінен танар алдында жүрегі қатты ауырып, кеудесі ауырлағанын айтқан.

"Тірі қалғаным үшін Құдайға және ата-анама алғыс айтамын", – деді ол.

Қазір қыздың есі дұрыс, жағдайы қалпына келе бастағаны хабарланды.

Дегенмен оқиғаның медициналық себебі әзірге белгісіз. Гватемала денсаулық сақтау органдары бұл жағдайға байланысты ресми қорытынды жарияламаған.