Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырған жігітке қатысты тың дерек шықты

Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырған жігітке қатысты тың дерек шықты
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертін ұйымдастырған адам үйқамаққа жіберілді. Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

"Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертін ұйымдастырушысын қамауда ұстауға тергеу соты санкция беруден бас тартты. Күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.Прокуратура сот қаулысына наразылық білдіреді", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 10 қазанда Шымкентте Қайрат Нұртас концертіне кіреберісте адамдар арасындағы кептелістен зардап шеккен бір қыз ауруханаға түскені, жағдайы ауыр екені белгілі болған еді.

Орын алған оқиғаға байланысты Шымкент қалалық полиция департаменті концерті кезінде қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызметтер көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.