Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Әлем

Санкт-Петербургте 12 жастағы баласын өлтірмек болды деген күдікпен анасы қамауға алынды

Санкт-Петербургте 12 жастағы баласын өлтірмек болды деген күдікпен анасы қамауға алынды
Фото: ашық дереккөзден

Санкт-Петербургте 12 жастағы ұлын өлтірмек болды деген күдікпен жергілікті тұрғын қамауға алынды. Бала ауыр жағдайда ауруханада жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

РИА Новости мәліметінше, жасөспірім қазір жасанды комада.

"Бала жасанды комаға енгізілді, жағдайы ауыр", – деп хабарлаған құқық қорғау органының өкілі.

Тергеу нұсқасы бойынша, әйел 12 жастағы ұлына 70 пайыздық сірке қышқылын ішкізіп, сұйықтықты оның бетіне де шашқан. Кейін баланы суға батырып өлтірмек болды деген күдік бар.

Алайда бала судан өздігінен шығып, өтіп бара жатқан адамдарға жеткен. Куәгерлер жедел жәрдем шақырып, жасөспірім ауруханаға жеткізілген.

Оқиғаға байланысты әйел адам өлтіруге оқталу ісі бойынша екі айға қамауға алынған.

Құқық қорғау органдарының дерегінше, баланың денсаулығында белгілі бір шектеулер бар. Отбасында одан бөлек тағы екі қыз тәрбиеленіп жатқан.

Қазіргі уақытта істің мән-жайы тергеліп жатыр. Күдіктінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен ғана анықталады.