Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

“Аузына шикі балық тыққан”: Алматыда 11 жастағы баланы жасөспірімдер қорлаған

“Аузына шикі балық тыққан”: Алматыда 11 жастағы баланы жасөспірімдер қорлаған
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Алматы тұрғыны 11 жастағы ұлының аулада жасөспірімдерден жәбір көргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Анасының айтуынша, баланы ұрып-соғып, аузы мен құлағына шикі балық тыққан.

Оқиға туралы әйел Threads әлеуметтік желісінде жазған. Оның сөзінше, ұлын қорлағандар — 13–14 жастағы жасөспірімдер. Олар ауладағы басқа балаларға да әлімжеттік көрсеткенін айтқан.

Баланың анасы осы жағдайдан кейін полицияға арыз берген.