Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Дариға Бадықова мен Олжас Абай қуанышты жаңалығын айтты

Дариға Бадықова мен Олжас Абай қуанышты жаңалығын айтты
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Актриса Дариға Бадықова Олжас Абаймен бірге түсірген “Соңыра” фильмі туралы жазып, көрерменді өз өміріне де көңіл бөлуге шақырды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өнер иесінің айтуынша, туындыда жақындарының қамын ойлап, өз қалауы мен арманын кейінге ысыра беретін адамдардың тағдыры көрсетіледі.

“Адам бәріне үлгеремін, жақындарымның жағдайын жасаймын деп жүріп, өз өмірінің қалай өтіп кеткенін байқамай қалуы мүмкін”, – деп жазды актриса.

Бадықова фильмнің мазмұны құтқарушылардың қызметімен ғана шектелмейтінін жеткізді. Оның сөзінше, оқиға өзгені құтқаруға ұмтылып, өзін ұмытып кеткен жандар туралы.

Актриса туындыны көрген адамдар күнделікті тіршіліктің арасында өзіне уақыт бөліп жүр ме деген сауалға жауап іздесе дейді. Сондай-ақ ол оқырмандарына “Сіз өзіңізді бірінші орынға қойдыңыз ба?” деген сұрақ қойды.