Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Әлем

Зеленский Трамп пен Путиннің үшжақты кездесуі қайда өтуі мүмкін екенін айтты

Зеленский Трамп пен Путиннің үшжақты кездесуі қайда өтуі мүмкін екенін айтты
Владимир Зеленский. Фото: Jordan Pettitt/PA Images via Getty Images

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ басшысы Дональд Трамп және Ресей президенті Владимир Путинмен ықтимал үшжақты кездесу өткізу мәселесі талқыланып жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, келіссөздер Таяу Шығыс елдерінің бірінде ұйымдастырылуы мүмкін, деп хабарлайды Arasha.kz.

Зеленский бұл туралы Telegram арнасында жазды. Украина басшысының сөзінше, АҚШ тарапы үш ел президентінің басын қосатын кездесу өткізу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

"Путинмен кездесуге келсек, АҚШ оны ұйымдастыру бойынша жұмыс істеп жатыр. Оларда үшжақты кездесу өткізу туралы ұсыныс бар. Ол Таяу Шығыс елдерінің бірінде өтуі мүмкін. АҚШ әрдайым БАӘ немесе Сауд Арабиясын атайды", – деді Зеленский.

Украина президенті келіссөздерге ықтимал алаң ретінде Біріккен Араб Әмірліктері мен Сауд Арабиясынан бөлек, АҚШ пен Еуропа елдері де қарастырылып жатқанын жеткізді.

"Кездесу, сонымен қатар, G20 отырысы кезінде АҚШ-та өтуі мүмкін. Бірақ әзірге Ресей тарапынан да, тиісінше АҚШ тарапынан да ешқандай растау болған жоқ. Бұдан бөлек, кездесу еуропалық елдердің бірінде өтуі ықтимал. Еуропалықтардың бұл мәселе бойынша байланыс орната бастағанын білемін. Нәтижесін сәл кейінірек көреміз", – деп жазды Зеленский.

Осылайша, Украина басшысы ықтимал келіссөздерге қатысты бірнеше нұсқа талқыланып жатқанын айтқанымен, кездесудің нақты өтетін жері мен уақыты әзірге белгіленбеген.

Сондай-ақ Ресей мен АҚШ тарапынан үшжақты кездесудің өтетіні туралы ресми растау жоқ.