Тележүргізуші Динара Сәтжан күйеуі, кәсіпкер Жұмабек Жанықұлдың фильм премьерасында жүргізуші Нұрбаның құлағынан шерткеніне қатысты пікір білдірді. Ол бұл әрекетті өзара қалжың деп түсіндіріп, жағдайды дауға айналдырмауға шақырды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Динараның айтуынша, жұбайы өнер адамдарымен бұрыннан араласады әрі олармен жиі әзілдеседі. Тележүргізуші желіде талқыға түскен бейнежазба Серік Ибрагимовтің «Заманбек 2» фильміне қосымша жарнама болды деп есептейді.
«Меніңше, Жұмабек Серік Ибрагимовтің “Заманбек 2” фильміне керемет жарнама жасап берді. Нұрбаның құлағынан саусағымен шертіп қалғанының өзі жеткілікті болды. Нұрба да жарады! Шығып, мұның жай ғана қалжың екенін түсіндірді», – деді ол.
Тележүргізуші Нұрба мен Серік Ибрагимовті көп жылдан бері танитынын айтты. Екеуі де бұған дейін оның бағдарламасына қонақ болған. Динара ортақ ортада жүрген адамдар бір-бірінің мінезі мен әзілін жақсы түсінетінін жеткізді.
Сондай-ақ ол жұбайының өнер адамдарына қолдау көрсетіп жүретінін, оларды бауырындай көретінін атап өтті.
«Жігіттер Жұмабекке үлкен құрметпен қарайды. Оны білетіндердің бәрі оның адамдарға қаншалықты көмектесетінін жақсы біледі. Жұмабек үнемі осылай қалжыңдайды. Ол бұл жігіттерге өз бауырындай қарайды. Сондықтан жоқ жерден дау іздеудің қажеті жоқ. Мұны “Заманбек” фильміне жасалған жарнама деп қабылдаған дұрыс», – деді Динара Сәтжан.