Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Алматыда із-түзсіз жоғалған 42 жастағы ер адам өлі күйінде табылды

Алматыда із-түзсіз жоғалған 42 жастағы ер адам өлі күйінде табылды
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Алматыда екі аптаға жуық уақыт бұрын хабар-ошарсыз кеткен 42 жастағы Давид Лебанидзені іздеу жұмыстары қайғылы аяқталды. Ер адамның мәйіті Бостандық ауданынан табылған, деп хабарлайды Arasha.kz.

LIDER.KZ еріктілер қозғалысының мәліметінше, 1984 жылы туған Давид Лебанидзе 9 қазан күні кешкі уақытта Балбөбек көшесіндегі үйінен шығып кеткен. Содан кейін жақындарымен байланысқа шықпаған.

Ер адамнан хабар болмаған соң, оны іздеуге еріктілер жұмылдырылған. Олар әлеуметтік желілерде арнайы хабарландырулар жариялап, тұрғындардан қандай да бір мәлімет болса, бөлісуді сұраған.

Алайда іздеу жұмыстары қайғылы аяқталды. 25 қазанда еріктілер ер адамның қаза тапқанын хабарлады. Олардың мәліметінше, Давид Лебанидзенің мәйіті 16 қазан күні Бостандық ауданынан табылған.

Әзірге ер адамның неден көз жұмғаны және өліміне қатысты өзге мән-жайлар жарияланған жоқ.