Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Ташкентте ауруханаға түскен қарағандылық балалардың жағдайы белгілі болды

Ташкентте ауруханаға түскен қарағандылық балалардың жағдайы белгілі болды
Фото: freepik

Ташкенттегі Dostlik Cup 2026 турниріне барған қазақстандық балалар мен ересектердің жағдайы туралы Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Елшіліктің хабарлауынша, ауруханаға барлығы 17 адам жатқызылған. Олардың 11-і – бала. Қазір науқастардың жағдайы тұрақты, қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі ауруханаға арнайы барып, ем алып жатқан балалар мен ересектердің жағдайын білді. Ал консул оқиға туралы хабар түскен сәттен бері ауруханада жүр.

Жағдай екі елдің денсаулық сақтау министрлері мен Қазақстан елшілігінің жеке бақылауына алынған.