Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Қуат Хамитов «Қазақ аруы» байқауын сынады

Қуат Хамитов «Қазақ аруы» байқауын сынады
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Спортшы Қуат Хамитов Алматыда өткен “Қазақ аруы – 2026” байқауына қатысты пікір білдіріп, оның атауын өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ол әлеуметтік желідегі жазбасында “Қазақ аруы” атауы тұтас ұлтқа қатысты екенін айтып, байқаудың мазмұны мен қатысушыларына көңілі толмайтынын жеткізді.

“Бұл байқауды “Қазақ аруы” емес, “Баян аруы” деп өзгерту керек! “Қазақ” деген сөзді айтқанда, бұл бүкіл ұлтқа, бәрімізге қатысты болады”, – деп жазды Хамитов.

Спортшы қазақ қыздарының арасында көркімен де, тәрбиесімен де ерекшеленетін, байқауға лайық бойжеткендер көп екенін айтты. Сонымен бірге қатысушылардың байқауға келудегі мақсатына қатысты жеке пайымын білдірді.

“Біздің ұлтымызда әдемі, лайықты қыздар жетерлік. Ал бұлар назар жетіспегендіктен жүргендер. Олардың бұл байқауға не үшін қатысатынын бәріміз жақсы білеміз”, – деді ол.