Контентке өту
Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Жамбыл облысында үш жасөспірім көз жұмды: жеті оқушы күдікке ілінді

Жамбыл облысында үш жасөспірім көз жұмды: жеті оқушы күдікке ілінді
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Жамбыл облысының Қордай ауданындағы мектептерде оқушылардан ақша бопсалап, бағынбағандарды ұрып-соғатын бейресми «Жүйе» болған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Прокуратура бұл әрекеттер мен үш жасөспірімнің қаза болуы арасында себеп-салдарлық байланыс барын анықтаған.

Тергеу нәтижесінде екі оқушыға бопсалау және өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу баптары бойынша айып тағылып, қамауға алынды. 

Тағы бес оқушы бопсалау бойынша айыпталды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиеваның мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында облыста балалардың өзіне қол жұмсауының 14 дерегі тіркелген. Оның жетеуінде балалардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік болған.