Контентке өту
Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Қазақстан өңірлерінде қолайсыз ауа райы күтіледі

Қазақстан өңірлерінде қолайсыз ауа райы күтіледі
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

21 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы болжанады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -4...-6°C, күндіз +4...+6°C. 

Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3-8 м/с. Түнде ауа температурасы +4...+6°C, күндіз +14...+16°C. 

Шымкентте бұлтты, жаңбыр жауады. Жел 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +9...+11°C, күндіз +18...+20°C. Астана мен бірқатар облыста тұман түсіп, көктайғақ болады.

 Шымкент қаласы мен Түркістан облысында жаңбыр, найзағай және екпіні 20 м/с-қа дейін жететін қатты жел күтіледі. 

Еліміздің батыс өңірлерінде желдің екпіні 23 м/с-қа дейін күшейеді. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.