Әлеуметтік желіде 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines ұшағының жерге соғылған сәті түсірілген толық видео тарады. Кадрда әуе кемесінің жерге жақындап келе жатқаны және соққыдан кейін өрт шыққаны көрінеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Бейнежазбада борт нөмірі 4K-AZ65 болатын Embraer 190 ұшағы жерге жақын ұшып келеді. Әуе кемесі биіктігін біртіндеп жоғалтып, бір сәт ғимараттардың тасасында көрінбей қалады.
Көп ұзамай ұшақ қайта кадрға түсіп, жерге соғылады. Соққыдан кейін әуе кемесі бірден отқа оранып, қою түтін көтеріледі.