Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Коронавирус

Қазақстанда вакцинация шаралары күшейтіледі.

Қазақстанда вакцинация шаралары күшейтіледі.

Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның төрағасы Ералы Тоғжанов Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында індеттің көбейгенін хабарлады. 

 

Премьер-министрдің орынбасары ведомствоаралық комиссияда барлық маңызды мәселе қаралатынын жеткізді. Атап айтқанда, вакцинация шаралары күшейтіледі.

«Әзірше, шектеу мәселесін көтеріп жатқан жоқпыз. Бірақ вакцинацияны күшейту бойынша нақты шешімдер қабылданады», — деді Тоғжанов журналистерге берген сұхбатында.

Осы орайда вице-премьер коронавирусты жұқтыру көрсеткішінің екі қалада өсіп жатқанын еске салды. Ол – Алматы мен Нұр-Сұлтан.

«Осы екі қалаға шетел азаматтары да, өз адамдарымыз көп келеді. Әуе байлынысы да көп», — деп атап көрсетті Тоғжанов.

Айта кетсек, денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдығу көрсеткішінің өскенін хабарлады.

Ресми мәліметке сәйкес, осы аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда аурушаңдық 3,6 есеге — 127-ден 457 жағдайға дейін артқан. Соның басым бөлігі Алматы және Нұр-Сұлтанда тіркелген. Екі қалада барлығы 391 науқас (85%) анықталды.

Бөлісу