Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Аймақтар

Семей көшелерінен 1500 текше метрден астам су айдалды.

Семейде қардың еруінен көшелерді су басып жатыр. ТЖД еріген қар суларын сорғы құралдарымен айдап жатқандарын мәлімдеді.

«ЖАО күшімен Щорс, Кирпичный, 3-ші Лодочная, Восточный және Подгорная кенттері, сондай-ақ қаланың басқа бөліктерінде су айдау жұмыстары жүргізілді, «Теплокомэнерго» МКҚК-мен бірлесіп инертті материал таратылды», — делінген хабарламада.

Департамент қызметкерлері Красин, Садовая және Менжинский көшелеріндегі аула аумақтарынан су айдау жұмыстарын жүргізді.

Арық жүйесін тазарту үшін ТЖМ 68303 Ә/Б күштері мен құралдары тартылды.

Қазіргі уақытта қала көшелерінен 1500 текше метрден астам су айдалды.

Жұмыстарға ЖАО, ТЖД және 68303 ӘБ-нің жеке құрамның 60-тан астам адамы және  20-дан астам техника жұмылдырылды.

Бөлісу