Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Мәдениет

Димаш «Вечерний Ургантта» Назарбаев туралы не айтты?.

Димаш «Вечерний Ургантта» Назарбаев туралы не айтты?.

Әйгілі әнші Димаш Құдайберген Ресейдегі белгілі шоу-бағдарламалардың біріне қатыстып, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың танымалдығы туралы айтты.

Әзіл-қалжыңы аралас «Вечерний Ургант» шоу-бағдарламасында жүргізуші Иван Ургант Димаш Құдайбергенге:

— Саған жақында Джеки Чанның өзі (танымал кино жұлдыз ред.) хабарласыпты ғой?» — деген сұрақ қойған еді, Димаш Джеки Чанның танымал бола тұра қарапайым екендігін айта келе:

-«Ол тіпті әлемгі ең танымал адам деуге болады, тіпті барлық президенттерден де танымал», -деп айтып жатқанда, Ургант Димаштың сөзін бөліп:

-«Бірақ біреуінен кейін…», -деп айтып қалып еді, Димаш та қалжыңды іліп алып:

-«Назарбаевтан кейін…», -деп жауап қайтарды. Бағдардламаға қатысып отырғандар бұл сөзге ду күліп, Ивант Ургант жөтелген сыңай танытты. Ал Димаш болса:

-«Сіз жөтеліп жатқанда мен сізге қазақтың сыйлы адамдарға тарту ететін шапанын сыйлағым келеді», -деп Иван Урганттың иығына шапан жапты. Тележүргізуші мұндай шапан Николос Кейдж екеуінде ғана бар екенін айтып, қуанышын білдірді. Содан, Димаш Урганттан «жалғыз президент» тақырыбына оралғысы келетінін айтты да:

-«Сіз әлі де ол Назарбаев емес деп есептейсіз бе?» -деп сұрап еді, Ургант басқа адам туралы ойлағанын айтып, бағдарламаға Дмашпен бірге қатысқан Игорь Крутой:

-«Своя рубашка ближе к телу (өзіңдікі өзіңе жақын)», -дегенді айтты.

Бөлісу