Қызылордадағы шыны зауытының айналасында тағы 8 ілеспе зауыт салынбақ. Қазіргі уақытта үш зауыттың жобасы белгіленіп, бизнес құрылымына қатысты кәсіпкерлер қызығушылық білдіріп, құжаттарын дайындады. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Apta» бағдарламасына берген сұхбатында мәлімдеді. «Қызылордадағы шыны зауытының құрылысы 70% аяқталды. Екі мәселе ғана қалды, олар: балқыту ваннасы мен күйдіру пеші. Қазіргі уақытта мамандармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Біздің тарапымыздан оның айналасындағы инфрақұрылымын аяқтауға, вагондар келетін жолды жөндеуге дайынбыз. Ал қалған 30% жұмысы мамандар келген жағдайда біртіндеп бітеді. Біздің елімізге жылына бағасы 1 млн. доллар болатын шыны сырттан келеді екен. Егер өзіміздің зауытты іске қосатын болсақ, сол 1 млн. доллар бізде қалады. Сыртқа сатсақ – тағы да кіріс болады. Қазіргі уақытта біз өте жақсы мәселені көтердік. Осы шыны зауыттың айналасында 8 ілеспе зауыт саламыз деп жоспарлап отырмыз. Үш зауыттың жобасы белгіленіп, бизнес құрылымына қатысты кәсіпкерлер қызығушылық білдіріп, құжаттарын дайындап қойды. Мысалы, бір зауыт шыныдан ыдыс жасаса, екінші зауыт айна жасайды, ал үшінші зауыт құрылыста көп пайдаланылатын шыны талшығын шығарады. Осы үш зауыттың өзі 15-16 млрд. теңге инвестиция тартады», — дейді Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова. Сондай-ақ, ол «Шалқия» кен орнында қорғасын, мырыш өндейтін өндіріс орны салынатынын айтты. «Шалқия» кен орнында да қорғасын, мырыш өндейтін өндіріс орны салынайын деп жатыр. Қазіргі уақытта «Самұрық Қазынамен» бірге жұмыс істеп жатырмыз. 8 млрд. теңгеге жуық инвестиция тартылып, жұмыс басталады. Одан басқа, Арал өңірінде кальцилендірілген сода өндітерін зауытының барлық құжаттары дайын. ҚР Экология министрлігіне шлакты сақтайтын орынға қатысты сұрақтар болған. Ол мәселені толық шештік. Кәсіпкерлер жұмысты бастауға әзір», — дейді ол.
Қызылордада 8 ілеспе зауыт салынады.
Ұқсас материалдар
Барлығы
29 сәуір, 2026
Қызылорда облысы
Саудаға салынған сәби
13 ақпан, 2026
Қызылорда облысы
"Ауылдарға интернет, мектептерге жасанды интеллект": "Қазақтелеком" Қызылорда облысына арналған цифрлық жобаларын таныстырды
17 қыркүйек, 2024
Қызылорда облысы
«Ақша таппасаң, қастарыңды, шашыңды қырып тастаймыз, пышақпен жыныс мүшелеріңді кесіп тастаймыз».
21 тамыз, 2023
Қызылорда облысы
Ақшабұлақ кен орнында жарылыс болып, бір адам қаза тапты.
17 тамыз, 2022
Қызылорда облысы
Байқоңырда Ресей полицейін ұрған адам тергеуге алынды.
9 сәуір, 2022
Қызылорда облысы