Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Мінбер

«Революцияға қарсы» деген не сөз?.

«Революцияға қарсы» деген не сөз?.

30 мамырда президент Тоқаевтың 31 мамыр — саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай елге жолдаған сөзі жарияланды. Онда президент саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы мемлекеттік комиссия құру туралы айтты. Осыған орай белгілі журналист Серік Әбікенұлы саяси қуғын-сүргіндерді ақтау туралы 1993 жылы қабылданған заңды өзгерту қажеттігі туралы ойын жария етті.

«Президент Қ.К. Тоқаев саяси-қуғын сүргін құрбандарын ақтайтын комиссия құруды ұсыныпты. Менің екі жылдан бері айтып келе жатқан ұсынысым:
Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы
1993 жылғы 14 сәуiрдегі Заңды өзгерту керек . Оның 6-бабы, әсіресе в) тармағы отаршы Совет үкіметін қорғайды.

а) шетелге қашып немесе ұшып кетуден басқа Отанды сатудың барлық формалары; қарулы көтерiлiс немесе қарулы бандылар құрамында Республика аумағына революцияға қарсы мақсатта басып кiру және олар жасаған кiсi өлтiрулерге, басқа да күш көрсету әрекеттерiне; тiмiскiлiк, терроризм актісі, бүлдiру әрекеттерiне қатысу;

б) жай халық пен әскери тұтқын­дарға қатысты күштеу әрекеттерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы кезiнде осындай әрекеттер жасауына басқыншылар мен Отанын сатқандарға деп берушiлiк;

в) қарулы бандыларды ұйымдастыру және олар жасаған кiсi өлтiрулерге, басқа күштеу әрекеттерiне қатысу.

Міне, осындай шым-шытырық. Аштан өлмеу үшін қолына қару алған азаматтар неге «банды» болуы керек, «революцияға қарсы» деген не сөз? Бұған салсақ 1916-32 жылдары көтеріліс жасаған қазақтың бәрі бандит. Комиссия осыны ескерсе» деп жазад С.Әбікенұлы.

Бөлісу