Әзербайжан Арменияның әуе кеңістігінде ұшып бара жатқан Ресейдің Ми-24 тікұшағын атып түсірді. Оқиға кезінде экипаждың екі мүшесі қаза болып, біреуі жарақат алды. Бұл туралы Ресейдің қорғаныс министрлігіне сілтеме жасаған centralasian.org сайты хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, тікұшақ Армениядағы Ресейдің әскери базасына бара жатқан. Әзербайжан тарабы осы оқиғадан кейін Ресейден шұғыл түрде кешірім сұрап, тікұшақтың байқаусызда атылғанын және өтемақы төлейтінін мәлімдеді. «Тікұшақ Армения мен Әзербайжанның мемлекеттік шекарасына өте жақын ұшып бара жатты. Ол жерде соғыс жүріп жатқаны белгілі. Бұған қоса жер бауырлап ұшқандықтан техниканы радар көре алмады. Осыған дейін бұл аймақта Ресейдің тікұшақтары байқалған емес», — деді Әзербайжанның қорғаныс министрлігінің өкілдері.
Әзербайжан Ресейдің тікұшағын атып түсірді.
Ұқсас материалдар
Барлығы
6 шілде, 2025
Басты жаңалықтар
Тоқаев Назарбаевты мерейтойымен құттықтады.
1 шілде, 2025
Басты жаңалықтар
14 млн адамның тағдыры қыл үстінде – сарапшылар дабыл қақты.
30 маусым, 2025
Басты жаңалықтар
Karachaganak газ жобасы ҚазМұнайГаз қарамағына өтпек.
30 маусым, 2025
Басты жаңалықтар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік ҰҚК-не қосылды.
30 маусым, 2025
Басты жаңалықтар
Шешенстанда республика басшысының кәмелетке толмаған ұлы Адам Қадыровтың үйлену тойы өтіп жатыр.
30 маусым, 2025
Басты жаңалықтар