Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Басты жаңалықтар

Бішкекке басшы тұрақтамай жатыр.

Бішкекке басшы тұрақтамай жатыр.

Бішкек қаласының басшысы соңғы үш аптада алтыншы рет ауысты. Қырғызстан астанасын енді Ыстықкөл облысының экс-губернаторы Балбақ Тулобаев басқарады. Осыған дейін мэр міндетін атқарған Нариман Төлеев қызметтен кететінін мәлімдеді.
«Жаңа ғана қала басшысының міндетін атқарушы Балбақ Тулобаевпен сөйлестім, бұл адамның Бішкек мэриясына келгені жақсы болды», — деп жазды Нариман Төлеев.
Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстандағы дүмпу кезінде Бішкекті 2 жыл басқарған Азиз Суракматов отставкаға кеткен еді. Шаһар билігі одан соң «халық мэрі» Жоошбек Коеналиевтің қолына өтті. 7 қазанда әкім тағы ауысып, одан кейін қаланы бірінші вице-мэр Алмаз Бакетаев басқарды.

Бөлісу