Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Басты жаңалықтар

Сооронбай Жээнбеков халыққа үндеу жасады (видео).

Сооронбай Жээнбеков халыққа үндеу жасады (видео).

Қырғызстан басшысы Сооронбай Жээнбеков Бішкектегі дүмпуден кейін үндеу жасап, халықты сабырлыққа шақырды. Видео президенттің YouTube-тағы ресми арнасында жарияланды.
«Қымбатты отандастар! Кеше түнде кейбір саяси күштер мемлекеттік билікті заңсыз басып алуға тырысты. Олар сайлаудың қорытындысын желеу етіп қоғамдық тәртіпті бұзды. Халықтың бейбіт өмірін бей-берекет қылды. Құқық қорғау органдарына бағынбай медицина қызметкерлерін соқты, ғимараттарды бүлдірді. Мен тәртіп сақшыларына оқ атпай, қан төкпей, бірде-бір азаматтың өміріне қауіп төндірмеуді бұйырдым. Біз жағдайдың ушығып кетпеуі үшін қолдан келген шараның бәрін ұйымдастырдық. Отандастарымды тыныштық сақтауға және арандатушы күштерге еріп кетпеуге шақырамын», — деді президент үндеуде.
Сооронбай Жээнбеков сонымен бірге орталық сайлау комиссиясының барлық заңбұзушылықты мұқият тексеретінін және қажет болса сайлау қорытындыларын жоққа шығаратынын жеткізді.

Бөлісу