Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Басты жаңалықтар

Сауда орталықтарының өрт қауіпсіздігі қандай деңгейде?.

Сауда орталықтарының өрт қауіпсіздігі қандай деңгейде?.

Ресейдегі Кемероводағы оқиғадан кейін елдегі сауда орталықтарында тексеру жүргізіліп, үш айдың ішінде 1 240 сауда нысаны тексеріліп, оларда 15 мыңнан астам ереже бұзушылық анықталғанын  Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов хабарлады.

Министрдің сөзінше, әкімшілік жауапкершілікке 1 220 адам тартылып, оларға 19 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынған. Елде тек 23 нысанда қауіпсіздік жағдайы лайықты деңгейде қамтамасыз етілгендігін айтқан Қ. Қасымов:

«Берілген нұсқаулар аясында 776 нысан бойынша кемшіліктер толықтай жойылды. Ал өрт қауіпсіздігі талаптарын орындамаған 138 нысанға қатысты материал сотқа жолданды», — деді Қ. Қасымов.

Естеріңізге салсақ, биыл наурыз айында Ресейдің Кемерово қаласындағы сауда, ойын-сауық орталықтарының бірінде өрт шығып, соның салдарынан 60 адам қаза тапқан болатын. Мерт болғандардың көбі балалар еді.й

arasha.kz

Бөлісу