ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, профессор, Қостанай облысы Қарабалық ауданының құрметті азаматы Еркебұлан Мүсіреп 75 жасқа қараған шағында өмірден озды. Еркебұлан Саламатұлы 20 жылдам астам уақыт бойы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрін басқарған. Оркестрмен әлемдік турне жасаған Еркебұлан Саламатұлы Ахмет Жұбанов құрған оркестрдің бұрынғы атақ-даңқын қалпына келтірді. Ол Құрманғазы оркестрі туралы кітаптардың авторы. Алматыдағы П.И Чайковский атындағы музыкалық училищенің баян және оркестр дирижері мамандығы бойынша түлегі. Ленинград жоғары мәдениет мектебін және Мәскеу мәдениет институтын бітірген. КСРО-дағы ең үздік бес баяншының бірі. Ол «Гүлдер» республикалық ансамблінің директоры болған және «Қазақконцерт» директорының орынбасары болған. Еркебұлан Мүсіреп еліміздің мәдениет мұрасына және дамуына елеулі үлес қосты.
Еркебұлан Мүсіреп 75 жасқа қараған шағында өмірден озды.
Ұқсас материалдар
Барлығы
29 маусым, 2023
Жоқтау
Ильин Седовтың өліміне қатысты: Жалғыз өзім не істей аламын?!.
14 ақпан, 2022
Жоқтау
«Қаңтар қасіреті»: Алматыда еске алу митингісіне жиналғандарды прокурорлар қалай таратты.
29 тамыз, 2021
Жоқтау
Елімізде соңғы 15 жылда он рет Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.
17 тамыз, 2021
Жоқтау
Спорт комментаторы Амангелді Сейітхан өмірден өтті.
21 мамыр, 2021
Жоқтау
Актер Фархат Әбдірайымов көз жұмды.
30 сәуір, 2021
Жоқтау