16-05-19 |
27340 рет қаралған
Дос Көшім: Шерудің алдында бірінші болып Тоқаев жүру керек.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімшілігі «Ақ жол» партиясының 31-мамырда «Алашқа» тағзым атты ашаршылық және саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске алу бейбіт шеруін өткізу туралы өтінішіне рұқсат бермеді. Әкімшіліктің бұл шешімі қызу талқыға түсіп жатыр. arasha.kz биліктің неліктен аштық және саяси репрессия құрбандарын еске алу шеруіне рұқсат бермегені жөнінде қоғам қайраткері, «Ұлт тағдыры» қозғалысының жетекшісі Дос Көшімнің пікірін білген еді.
Дос Көшім:
- 2016 жылғы жер дауынан бастап билік қазақтың сенімінен кетіп бара жатыр.
Менің ойымша, мұндай шеруді саяси партия емес, биліктің өзі ұйымдастыру керек. Сол шерудің алдында бірінші болып Қасым-Жомарт Тоқаев жүру керек. - Біріншіден, бұл қаралы күн, екіншіден, еске түсіру. Қазақ мемлекетінің негізін қалаған, соның жолында құрбан болғандарға сол күні тағзым етпегенде қай күні тағзым етуіміз керек? Бұл мемлекеттік идеологияның жұмысы ғой. Сондықтан мен бірақ нәрсе айтам, «Ақжол» партиясының бастамасына үлкен рахметімді айтамын. Осы арқылы билік халықтың сенімінен айырылды деп ойлаймын. Әйтеуір, қазақтың ұйымдастырған шарасынан үрку бар, мен осыдан қорқамын.
- Бізге отаршылдықтың таңбасы әбден өтіп кеткен және біздің орыс тілді басшыларымыз әр уақытта орысқа жалпақтап тұрады. Бұл олардың қанында бар, ол жасқаншақтық. Халық осы жасқаншақтықтан арылып келе жатыр, әсіресе тәуелсіздік кезінде туған жастар. Ал биліктегі бұрынғы коммунистік партияда жұмыс істегендер Кеңес үкіметіне бағыныш, сол қорқыныш әлі қандарында бар.
- Бұл негізінен сол мемлекеттің жұмысы. Бұрынғы тарихтың барлығы қайтадан ашылды. Халық бәрін көріп отыр, енді соларды еске алуға неге қорқады? Конституциямызда шеру, митинг өткізу қарастырылған. Ол бізге берілген конституциялық құқығымыз. Өте түсініксіз жағдай.
- Егер өзінің халқынан қорқатын болса ондай үкімет оставкаға кету керек. Қалайша ол өмір сүреді, қалайша мемлекетті алға бастайды? Егер ол өз халқы бірдеңені бүлдіріп қоя ма деп идеологиялық тұрғыдағы ұлттық бір шараны тоқтатын болса, демек ол барлық іс-шараны тоқтатады. Онда біз өзіміздің батырларымызды, Алашымызды, желтоқсанымызды еске алмайық еш уақытта. Сонда біз қалайша Тәуелсіз мемлекет деп атала аламыз. Бұл өте ұят нәрсе.
Соңғы мақалалар.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
МІНБЕР.
ӨЗГЕ ДЕ МАҚАЛАЛАР.