21-05-19 |
9780 рет қаралған
Әзімбай Ғали: Зеленский бейбіт жолмен өз жерін қайтарып алмақ.
Әзімбай Ғали: Зеленский бейбіт жолмен өз жерін қайтарып алмақ

Зеленский Ресейдің абыройын Батыс елдері алдында төгіп, Ресейге Батыс елдерінің экономикалық, финанстық, персоналдық санкциялар арқылы қысым жасайды. Бұл туралы саясаттанушы Әзімбай Ғали фейсбуктегі парақшасына жазды.

Саясаттанушының айтуынша, майдан революциясы клоундардан қайраткерлер жасады.

«Украинаның жаңа президенті Зеленский: Менің портреттерімді кабинеттеріңде ілмеңдер, президенттің портреті икона емес. Шоқынатын Иса пайғамбардың бейнесі емес. Одан да отбасыларыңның, балаларыңның суреттерін іліңдер. Қызметтеріңді атқарғанда солардың көздеріне уялмай қарайтын болыңдар,-деді. Әрине бұл популизм, бірақ қандай әдемі айтылған сөздер. Майдан революциясы клоундардан қайраткерлер жасады. Президент боларының алдында ол шоумен болған»,-деп жазды.

Сонымен қатар ол, басқа елдерде, әсіресе Орталық Азияда заңды президенттерден саясат клоун жасады деген ойын білдірді.

«Түрікменстанның соңғы президенті гитара тартып немерелерімен ән салады, атқа шабады. Бірақ Түрікменстан халқы нан мен ұнға жарымай отыр.Тәжістанда өзара билікке таласып азамат соғысынан кейін халқы есін жия алмай отыр.Тәжіктер – еңбекқор халық, Ресей мен Қазақстанда ауыр жұмыс істеп жүр. Өзбекстанның президенті Қазақстанға ақыл айтқыш еді. Марқұм Каримов бес миллион өзбекке жұмыс тауып бере алмай, халқын Ресейге кіріптар қылды. Демократияшыл Қырғызстанда экономика кенжелеп қалды. Алматы қаласының Ішкі жиынтық өнімі бүкіл Қырғызстанның ішкі жиынтық өніміне тең»,-деді ол.

Оның ойынша, жаңадан тағайындалған Зеленский Украинаның мүдделерін батыл қорғайтын болады.

«Ол Ресейден Қырымды қайтаруды талап етеді, Шығыс Украинадан Донбасс пен Луганск өлкесінен Ресей әскерін шығаруды талап етіп тұр. Айтайын дегенім, Украина басшылығы АҚШ пен Европалық Одаққа Ресейдің империялық саясатын әшкерелеп отыратын болады. Сонда Украинаның жаңа президенті Ресеймен соғыс ашамын демейді. Бейбіт жолмен өз жерін қайтарып алмақ. Бұл өте дұрыс саясат. Зеленский Ресейдің абыройын Батыс елдері алдында төгіп, Ресейге Батыс елдерінің экономикалық, финанстық, персоналдық санкциялар арқылы қысым жасайды. Олай болса, бұл Ресейге үлкен тауқымет болмақ. Украинаның жаңа президентін АҚШ пен Европалық Одақ толық қолдайтын болады. Себебі Украинаның бұрыңғы президенті Порошенконың Ресейде өз бизнесі болды. Сондықтан ол Ресеймен пәрменді түрде күресе алмады. Порошенконың коррупциясы да болды»,-деп жазды саясаттанушы.

Сөз сөз соңында ол «Ресей Украинаны бағындыра алмайды, олай болса бізге ауыз салмайды. Ел аман жұрт тыныш болады»,-деп жазды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.