27-05-19 |
3880 рет қаралған
Ақтөбе облысының әкімі Димашты туған күнімен құттықтауға орынбасарын жұмсаған.
Ақтөбе облысының әкімі Димашты туған күнімен құттықтауға орынбасарын жұмсаған

Ғажап дауыс иесі, дүниежүзі өнеріне тәнті болған, әлем жұлдызына айналған Димаш Құдайберген туған күнінде туған жері Ақтөбеге, отбасына келген. Ол өзінің туған күнінде қарттар үйіне барып, ән салып, қариялардың көңілін аулайтын көпке үлгі боларлық әдетінен жаңылмай биыл да қарттар үйіне барған. Ал әншіні туған күнімен құттықтауға Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин өзі келмей, орынбасары Марат Тоқжанов жұмсапты.

«Туған күнінде өз үйі – өлең төсегіне келген Димашты облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің атынан облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов пен Ақтөбе қаласының әкімі Ильяс Испанов құттықтап барып, ықыластарын білдірді.
«Көңіл көңілден су ішеді…» – дейді қазақ. Ел ағаларының ықыласы Димаштың да көңілін көтергені анық.
Ғұмыр-жасы ұзақ болғай!» деп жазады ақын Бауыржан Бабажанұлы өзінің фейсбук парақшасында.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.