Бүгін Ақтөбе қаласының әкімшілік соты қалалық мәслихаттың бұрынғы депутаты, қалалық әлеуметтік-мәдени даму және жастар ісі жөніндегі комиссия мүшесі Сәния Мұратованың ісін ақыры қарады.
Естеріңізге сала кетейік, 5 қыркүйек күні Әлия Молдағұлова мен Саңқыбай батыр даңғылдарының қиылысында полиция қызметкерлері Сәния Мұратова мінген Lexus көлігін тоқтатқан болатын. Шетелдік көліктің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, қос тұтас сызықты кесіп өткені үшін жол полициясы қызметкерлеріне ұсталды. Бірақ құжаттарды тексеру кезінде әйелден алкоголь иісі шыққан. Осыған байланысты полицейлер оның үстінен ҚР ҚК 596-бабы («Көлiк құралын басқару, қарсы бетке өтіп кету немесе басып озу қағидаларын бұзу») және 608 («Көлiк құралын мас күйде басқару») бойынша хаттама толтырды.
Бұл оқиға жария болып, Мұратова сотқа жүгінуге мәжбүр болғанда, ол жұмбақ жағдайда жоғалып кетті. Ал оның алдында арыз жазып, депутаттық өкілеттігін алып тастағаны туралы айтқан. Мұратованың қазір қайда екенін ешкім білмейді. Әуелі Әкімшілік сот оны 596-бап бойынша жүргізуші куәлігінен 6 айға айырды, кейін Мұратованы істі қарауға мәжбүрлеп әкелу туралы қаулы шығарды. Экс-депутатты мас күйінде көлік жүргізгені үшін 15 тәулікке қамауға аламыз деп қорқытқан. Бірақ полиция Сәния Мұратованы ешқайдан таба алмады.
Учаскелік полиция қызметкерінің айтуынша, ол Мұратованың үйіне келген, бірақ ол үйде болмаған.
Дегенмен Мұратова әлеуметтік желілерде әлі де белсенді, үнемі жаңа суреттерін жариялап отырады. Бірақ полиция оны неліктен таба алмағанын тілшілерге түсіндіре алмады.
Бүгін әкімшілік сот Мұратованың ісін оның қатысуынсыз қарап, 15 тәулікке қамауға алу туралы үкім шығарды. Сонымен қатар, экс-депутат енді 7 жыл көлік жүргізе алмайды.
Мұратова Ақтөбеде мас күйінде көлік жүргізген алғашқы депутат емес. 2022 жылы Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты Ербол Қасымғали да өзінің Mercedes Benz көлігін мас күйінде жүргізген. Медициналық тексеру кезінде қанда 1,6 промилле алкоголь анықталды, орташа дәрежедегі интоксикация. Сот депутатты 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы үкім шығарған болатын.
Arasha.kz
ФОТО: kz24.news
-
04.10.2024
-
04.10.2024
-
04.10.2024
-
04.10.2024
-
04.10.2024
-
04.10.2024
-
04.10.2024
-
04.10.2024
-
04.10.2024