ҰҚК қылмыстың істердің барлығын жасырып, көрсетпей отыр. Дегенмен, жас ұрпақ бұл тақырыпқа оралып отырады. Бұл ұмытылмайтын қанды қасірет. Бұл туралы ғалым, өнертанушы Тынысбек Қоңыратбай Алматыда өткен конференция кезінде айтты, деп хабарлайды arasha.kz тілшісі.
Конференция барысында ғалым, 1937 жылғы репрессияның басталу себептері жайлы және өз отбасыларынан бірден үш адамның қуғын-сүргінге ұшырағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, саяси қуғын-сүргін 1937 жылмен аяқталмаған, бертінге дейін жалғасқан.
Сөз арасында ол 2018 жылдың 7 желтоқсан күні Алматы қалалық мәслихаты қаладағы 385 көшенің атауын өзгерту туралы шешім қабылдағанын және репрессияға ұшыраған біраз тұлғаға көше атауын бермек болғанын жеткізді.
«Сол тізімнің ішінде Дулат Бабатайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Иманжүсіп, Қоңыратбаевтар бар болатын. Негізінен 20 кісінің аты беріледі деген. Кейін әкімдіктің жауапты қызметкері «Қазақстан» телеарнасынан сөйлеп, «бұл тізім республикалық ономастикалық комитетпен бекіді, енді көшелерді ауыстыруға кірісіміз» деп айтқан болатын. Бірақ арада бір-екі апта өткеннен кейін бұл іске президент аппараты тікелей араласып, үш адамның есімін қалдырып, қалғанының барлығын сызып тастаған. Міне, репрессия құрбандарына деген қазіргі көзқарас осындай, арғы жағын бағамдай беруге болады ғой деп ойлаймын. Репрессия бұл мәңгілік тақырып, ақиқаты ашылмайынша бұл тақырып жабылмайды. ҰҚК қылмыстың істердің барлығын жасырып, көрсетпей отыр. Дегенмен, жас ұрпақ бұл тақырыпқа оралып отырады. Бұл ұмытылмайтын қанды қасірет»,-дейді Тынысбек Қоңыратбай.
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024