Президент Тоқаев билікте ауыс-түйіс жасап жатыр. Соның нәтижесінде, Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалып, Бақыт Сұлтанов қызметінен босатылды. Алтай Көлгіновтің Нұр-Сұлтанға әкім болуына сайлау кезінде «Нұр Отан» партиясының кандидаты болған, қазіргі президент Тоқаевтың Батыс Қазақстан облысы бойынша 73,69 пайыз дауыс жинауы әсер еткендей әсер қалдырады. Өйткені, Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аз дауыс алды: 59,19 пайыз. Осылайша, сайлау кезінде белсенділігін көрсеткен әкімдерге жаңа қызметтер ұсынылып жатыр.
Ал Бақыт Сұлтановтың Нұр-Сұлтанға әкім болып тағайындалғанына жыл да толған жоқ.
Батыс Қазақстандағы журналист Лұқпан Ахмедияров 10-маусым күні өзінің фейсбук парақшасында тәуелсіз бақылаушылар жұмыс істеген көптеген сайлау учаскелерінде Тоқаев аз дауыс жинап, Қосанов көп дауыс алғанын айтып, видео жариялаған еді.
Сондай-ақ, 10-маусымда Батыс Қазақстан облысындағы Қосановтың штабы мен тәуелсіз бақылаушылар мәлімдеме жасаған еді.
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024