Заңда есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өндіру мен оларды сатуды ажыратудың жаңа тәртібі белгіленген. Есірткі құралдарын заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау, сату мақсатымен жіберу немесе өткізу бұрынғыдай Қылмыстық кодекстің 297-бабымен реттеледі.
Бұл бап бойынша жаза саралаушы белгілерге байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, лауазымды адамның қызметтік жағдайын пайдалана отырып жасаған мұндай әрекеттері үшін он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге (бұрын 10 жылдан 15 жылға дейін болған) бас бостандығынан айыру қаупі бар.
Есірткіні таратқаны үшін жауапкершілікті күшейту мақсатымен ҚР ҚК 301-бабы мүлікті тәркілеу түріндегі қосымша санкциямен толықтырылды. Қылмыстық кодекс күшті әсер ететін заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымы үшін жауапкершілікті (301-бап), сондай-ақ осындай заттар мен прекурсорларды қолдану ережелерін сақтау міндеті жүктелген тұлғалардың бұл ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілікті (303-бап) көздейтін нормалармен толықтырылды.
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024