Logo
Іздеу
Айдарлар

Куала-Лумпурда кездескен АҚШ пен Қытай не шешті?

/
Куала-Лумпурда кездескен АҚШ пен Қытай не шешті?
Фото: коллаж arasha.kz

Қытай мен АҚШ арасындағы дипломатиялық байланыс жаңа кезеңге өтті. Куала-Лумпурда өткен АСЕАН елдері Сыртқы істер министрлерінің кездесу алаңында Қытай Сыртқы істер министрі Ван И мен АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио келіссөз жүргізді.

Кездесу барысында Қытай тарапы екіжақты қатынастардағы ресми ұстанымын қайта мәлімдеп, ҚХР мен АҚШ басшылары бұған дейін қол жеткізген уағдаластықтарды нақты іске асырудың маңызын атап өтті. Ван И Вашингтонды Қытайға қатысты әділ әрі салмақты позиция ұстануға шақырды.

«Саясат өзара теңдік, құрмет, бейбіт қатар өмір сүру және екі жаққа тиімді ынтымақтастық қағидаттарына негізделуі тиіс», – деді Қытай сыртқы істер ведомствосының басшысы.

Тараптар алдағы уақытта дипломатиялық арналар арқылы диалогты жалғастырып, өзара түсіністікті тереңдетуге және ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін қарастыруға уағдаласты.

Куала-Лумпурдағы бұл кездесу – Қытай мен АҚШ арасындағы байланыстарды тұрақтандыруға жасалған маңызды қадам ретінде бағалануда.