Logo
Іздеу
Айдарлар

Пашинян шіркеу басшысын әскери төңкеріс жасамақ болды деп сынға алды

/
Пашинян шіркеу басшысын әскери төңкеріс жасамақ болды деп сынға алды
Фото: 1news.az

Армения Премьер-министрі Никол Пашинян Армян Апостол шіркеуінің басшысы Гарегин II-ні (мирлік есімі — Ктрич Нерсисян) қатты сынға алды. Оның айтуынша, егер Гарегин II оппозициялық архиепископтар Вазген Галстанян мен Геворг Аджапахянның (т.б. Баграт Галстян мен Микаэл Аджапахян) тұтқындалуын заңсыз деп санаса, онда ол билікті күшпен басып алуға бағытталған жоспарларды қолдайды.

«Егер Ктрич Нерсисян Вазген Галстанян мен Геворг Аджапахянның тұтқындалуын заңсыз деп есептесе, демек ол үкімет ғимараттарының жанында адамдарға оқ атуға, елді хаосқа батыруға бағытталған әскери төңкеріс жасау ниетімен келіседі», — деп жазды Пашинян Facebook парақшасында.

Үкімет басшысы сондай-ақ Вагаршапаттағы шіркеу иеліктеріне құқық қорғау органдарының кіруіне шектеу болмауы тиіс екенін айтты. «Әсіресе, ол жерлер Ктрич пен басқа да кейбір адамдардың арқасында зинақорлыққа ашық болып тұрғанда», — деп өткір мәлімдеме жасады Пашинян.

Бұл пікір Армения билігі мен Армян Апостол шіркеуінің арасындағы шиеленісті жаңа деңгейге шығарды. Соңғы кездері шіркеу өкілдері үкіметті, әсіресе оппозиция мен дінбасыларды қудалау әрекеттері үшін жиі сынап жүр. Премьер-министрдің бұл мәлімдемесі билік пен дін арасындағы текетірестің ушығып бара жатқанын көрсетіп отыр.

Серіктес жаңалықтары