Контентке өту
Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Әлем

Моңғолия президенті жемқорлық дауына байланысты отставкаға кетті

Моңғолия президенті жемқорлық дауына байланысты отставкаға кетті
Фото: parliament.mn

Моңғолия президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх мерзімінен бұрын қызметінен кетті. Ел парламенті мемлекет басшысының отставкаға кету туралы өтінішін мақұлдады. Бұл шешім президентке қатысты жемқорлық айыптаулары айтылғаннан кейін қабылданды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Моңғолияның Ұлы мемлекеттік хуралы 19 қарашада өткен отырыста президент Ухнаагийн Хүрэлсүхтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесін қарады.

Парламенттің ресми мәліметінше, отставканы дауыс беруге қатысқан 104 депутаттың 96-сы қолдаған. Бұл – 92,3 пайыз. Хүрэлсүх қызметінен кету туралы шешімін өз еркімен қабылдаған. Осылайша, ол Моңғолия тарихында президенттік өкілеттігін мерзімінен бұрын өз бастамасымен тоқтатқан алғашқы мемлекет басшысы атанды.

Бұған дейін Моңғолияда Ухнаагийн Хүрэлсүхтің атына қатысты жемқорлық айыптаулары айтылған. Атап айтқанда, саясаткердің премьер-министр қызметін атқарған кезеңінде жүзеге асырылған теміржол құрылысы жобасынан заңсыз қаржылық пайда көруі мүмкін екені туралы мәлімдемелер тараған.

Хүрэлсүх тағылған айыптарды жоққа шығарып, өзінің беделіне нұқсан келтіру әрекеті деп бағалады. Сонымен қатар ол тергеу органдарымен ынтымақтасуға дайын екенін жеткізді.

Бөлісу