Контентке өту
Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Әлем

"7 мыңнан астам зымыран мен дрон қолданылған": Парсы шығанағы елдері Ираннан өтемақы талап етті

"7 мыңнан астам зымыран мен дрон қолданылған": Парсы шығанағы елдері Ираннан өтемақы талап етті
Фото: Парсы шығанағы араб мемлекеттері ынтымақтастық кеңесі

Парсы шығанағы араб мемлекеттері ынтымақтастық кеңесі Ираннан әскери шабуылдар салдарынан келген шығынды өтеуді талап етті. Ұйымның бас хатшысы Джасем Мұхаммед Әл-Будайви бұл мәселені Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің отырысында көтерді, деп хабарлайды Arasha.kz.

13 қарашада Нью-Йоркте өткен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Парсы шығанағындағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Жиында сөз сөйлеген Парсы шығанағы араб мемлекеттері ынтымақтастық кеңесінің бас хатшысы Джасем Мұхаммед Әл-Будайви ұйымға мүше мемлекеттердің егемендігіне, аумақтық тұтастығына және қауіпсіздігіне қол сұғуға жол берілмейтінін мәлімдеді.

Оның айтуынша, аймақтағы әскери шабуылдар халықаралық құқық нормаларын бұзып, жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндіреді. Әл-Будайвидің мәлімдеуінше, 2026 жылғы 28 ақпаннан бері Парсы шығанағындағы мемлекеттерге қарсы жасалған шабуылдарда 7 мыңнан астам зымыран мен ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылған.

"2026 жылғы 28 ақпаннан бастап ПШАМЫК-ке мүше мемлекеттер Иран тарапынан жасалған шабуылдарға ұшырауда, оның барысында 7000-нан астам зымыран мен ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылды", – деді ұйымның бас хатшысы.

Ол шабуылдар кезінде әуежайлар, теңіз порттары, энергетикалық инфрақұрылым, электр станциялары мен су тұщыту қондырғылары нысанаға алынғанын айтты. Сондай-ақ тұрғын аудандар мен азаматтық инфрақұрылымға зақым келгені мәлімделді.

Ұйым басшысының сөзінше, әскери әрекеттер салдарынан адамдар қаза тауып, жарақат алған. Бұдан бөлек, инфрақұрылымға айтарлықтай материалдық шығын келіп, Парсы шығанағындағы теңіз экологиясына зиян тиген. Джасем Мұхаммед Әл-Будайви аталған шабуылдар үшін Иран толық жауап беруі керек деген ұстанымын жеткізді.

Ол Тегераннан әскери әрекеттер салдарынан келген материалдық залалды, шығындар мен зардаптарды өтеуді талап етті.