Контентке өту
Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Әлем

Нью-Йоркте үш қабатты ғимарат құлап, бір адам қаза тапты

Нью-Йоркте үш қабатты ғимарат құлап, бір адам қаза тапты
Фото: x.com/L_ThinkTank

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан үш қабатты ғимарат құлап, салдарынан бір адам көз жұмды. Тағы он адам түрлі дәрежеде жарақат алған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қайғылы оқиға қаладағы құрылыс алаңдарының бірінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, үш қабатты ғимарат толықтай опырылып, үйінді астында адамдар қалған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер, құтқарушылар мен жедел жәрдем қызметкерлері жұмылдырылған. Мамандар үйіндіні аршып, зардап шеккендерді қауіпсіз жерге шығару жұмыстарын бастаған.

Ғимараттың құлауы салдарынан бір адам оқиға орнында қаза тапқан. Тағы он адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Олардың төртеуінің жағдайы ауыр деп бағаланса, қалған алты адам жеңіл жарақат алған. Өрт сөндіру қызметінің өкілдері оқиға орнында құтқару операциясы жалғасып жатқанын мәлімдеді.

"Бір адам оқиға орнында қаза тапты, зардап шеккен төрт адам ауыр жағдайда, тағы алты адам жеңіл жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Бөлімшелер адамдарды шығару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Іздеу жұмыстары жалғасуда, операция жүріп жатыр", – деді өрт сөндіру қызметінің өкілдері.

Қазір құтқарушылар үйінді астында өзге адамдардың болуы мүмкін екенін тексеріп жатыр.