Logo
Іздеу
Айдарлар

АҚШ-та America Party тіркеуге өтінім берді.

/
АҚШ-та America Party тіркеуге өтінім берді.

2025 жылғы 6 шілде, жексенбі күні АҚШ-тың Федералды сайлау комиссиясының (FEC) деректер базасында America Party («Америка партиясы») атты жаңа саяси партия құру туралы өтінім пайда болды. Өтінімді миллиардердің өзі бергені әзірге белгісіз, Илон Маск бұл ақпаратты растаған жоқ.

Deutsche Welle агенттігінің мәліметінше, құжаттарда Илон Маск партия атынан кандидат ретінде көрсетілген, ал қазынашы ретінде Tesla компаниясының бас қаржы директоры Вайбхав Танеджа тіркелген.

Сонымен қатар, FEC базасында басқа да өтінімдер тіркелген, олардың бірі «Партия X» деген атаумен. Бұл өтінімдерді кім бергені де белгісіз. АҚШ билігі әзірге бұл жағдайға қатысты пікір білдірген жоқ.

Бұған дейін Илон Масктың партия құру жоспарына Дональд Трамп өз реакциясын білдірді:

«Илон Масктың есінен айырылғанын көріп, көңілім құлазыды», – деп жазды ол өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде.

Маусым айының соңында Илон Маск «Біртұтас, үлкен, көркем» деген атаумен белгілі федералдық шығындарды қысқарту туралы заң жобасына қарсы шығып, АҚШ-та жаңа саяси партия құруды ұсынған еді. Ол қазіргі саяси жүйені «бірпартиялы ел» деп сипаттаған.

Серіктес жаңалықтары