Президент Қасым-Жомарт Тоқаев euronews телеарнасы сұхбат беріп, елдегі митингілер туралы туралы айтты.
«Демонстранттарге келсек, олар наразылық танытып көшеге шықты. Қазір олардың талаптарына зерттеу жүргізіліп жатыр. Талаптардың негізі – әлеуметтік талап. Әлеуметтік проблемалар бар екенін жасырмаймын. Ол адамдардың кедейленуінен шығып отыр. Олар үкіметтен қордаланған әлеуметтік-экономикалық мәселені шешуді талап етіп жатыр. Билік естіді. Біз жұмыс істеміз. Қоғамдық қауіпсіздікке нұқсан келтірмеген адамдар да бар. Олар жақын арада босатылады. Митингіге кездейсоқ тап болған адамдар бар екенін маған мәлімдеді. Олардан кешірім сұраймыз, яғни оларды тез босатамыз. Сөйтіп бұл мәселе шешіледі» деген екен.
Сондай-ақ, президент «сайлауды әділетсіз өтті» дегендер босатылатынын айтқан.
«Әрине, босатылады. Өйткені олар солай есептейді. Мен, мәселен, жалпы сайлау әділ өтті деп ойлаймын. Бар болғаны сол».
Сұхбатта Тоқаев рұқсат етілмеген митинг, акцияға шыққандардың жолы кесілетінін, бас прокуратура бірнеше рет рұқсат митингіге шығу заңсыз екенін ескерткенін де айтқан.
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024