20-06-19 |
4610 рет қаралған
«Жаңа Қазақстан» форумының билікпен жасырын байланысы болған ба?.
«Жаңа Қазақстан» форумының билікпен жасырын байланысы болған ба?

«Жаңа Қазақстан» форумы тарады. Форум жұмысы тоқтағаны жөнінде фейсбуктегі форумның парақшасында мәлімдеме жарияланды.

Мәлімдемеде кезектен тыс президент сайлауы мен оған «Ұлт тағдыры» қозғалысы атынан түскен, «Жаңа Қазақстан» форумының мүшесі болған, саясаткер Әміржан Қосанов туралы, қоғамдық мәселелерді шешудегі митингінің мүмкіндігі, форум мүшелерінің әрі қарай не істейтіндігі айтылады. Және де форум мәлімдемесінде саяси үміттің ақталмағаны үшін қоғамнан кешірім сұраған.

Мәлімдеменің толық нұсқасы төменде беріліп отыр.

  • «Сол кезде қызметтестеріміздің бірі Башыр Жаңалтай Қытайдағы Шыңжан этникалық қазақтарына қарсы қудалау мен репрессиялар тақырыбын Европарламенттің мінберіне шығып көтерген еді. 2018 жылғы маусымда Вашингтонға сапар барысында Форум қатысушылары Ашаршылық мәселесін АҚШ Конгресінде алғаш рет көтерді. Мемлекеттік департамент өкілдерімен кездескен кезде оларға «Магнитский тізімі» бірінші рет берілді. Осы тізім Жаңаөзен мұнайшыларын атуға жауапты жоғары лаузымды адамдардан тұрады. Форум бойынша шет елдерде тұратын қызметтестеріміз шенеуніктер Қазақстаннан жымқырып, сыртқа шығарған ақша құралдарын іздестіруге белсенді түрде ат салысуда. Әрине осындай Форумның құрылуына рұқсат беруге Ақорданың наразы екені айтпаса да түсінікті.
  • Форум көздеген көп міндеттердің бірі – ол президенттік және парламенттік сайлауларға қатысуға мүмкіндік беретін жалпыұлттық партия немесе қимыл ұйымдастыру болды. Ол үшін өткен жылдың қыркүйек айында Қазақстан өңірлерінің жартысына жуығы Форумның әзірлеген Саяси бағдарламасымен танысты. Сонымен қатар, ДАТ гәзеті арқылы елеулі ағарту жұмысы жүргізілді. You-tube арнасында «Жаңа Қазақстан жауап береді» айдары арқылы қоғамның маңызды мәселелеріне арналған көптеген талдау бағдарламалары жарияланды.
    Құқықтық тіркеуі жоқ Форум президенттікке өз атынан кандидат ұсынуға мүмкіндігі болмады. Дегенмен ұйымдардың бірі ұсынып, немесе Форумның кез келген қатысушысын алға тартқан жағдайда, оған қолдау көрсету жөнінде уағдаластық болды. Екі кандидат Ақиқат ЖСДП партиясынан Ермұрат Бапи және «Ұлт Тағдыры» РҚБ-інен Әміржан Қосанов алға тартылды. Кейінірек Ақиқат ЖСДП жалпы жиналысын өткізіп, осы сайлауға бойкот жариялау шешімін қабылдады.
    Өткен президенттік сайлау және азаматтық қоғам кандидаты Әміржан Қосановтың оған қатысуы қоғамның саясатқа деген қызығушылығын айтырлықтай көтеріп, жұрттың азаматтық белсенділігін оятты.
  • Сан қилы, сан қырлы адам сайлауға үгітші және бақылаушы ретінде қатысты. Біз биліктің бұрын-соңды болмаған шынайы рейтінгін алғаш рет өзіміз өлшеп, Орталық сайлау комиссиясының ресми дерегінен оның айтарлықтай төмен екеніне көз жеткіздік. Өкінішке қарай, сайлау екінші кезекпен жалғасады деп байқаушылар сеніміділікпен болжаса да, жаппай фальсификация орын алып, халықтың қолындағы жеңіс тағы да жымқырылды. Біздің кандидат та күдікке толы экзит-полдың көрсеткішін тез арада қабылдап, сайлау бойынша бәсекелесін артық асығыстықпен құттықтады. Тәуелсіз байқаушылар бізге бар ақпаратты бергеннен кейін, осы сайлаудың легитимдігі жоқтың қасы және халықаралық демократиялық стандарттарға сәйкестігі жоқ деп біз мәлімдейміз. Біз қазіргі парламентті таратуға және Мәжіліске мерзімнен бұрын сайлауды жариялауға шақырамыз. Жаңа Ата Заңды қабылдау және саяси модернизация еліміздің күн тәртібінде тұрған басты мәселелер.
  • Сайлау жеңісін жымқырған қазіргі басшылар билікті бейбіт әрі заңды жолмен ауыстыруға іс жүзінде мүмкіндік жоқ екенін ашық көрсетті. Біз көше митингілері мен күшпен қарсыласу арқылы қоғамдық мәселелерді шешуге наразымыз, бірақ басқа амал жоқтың қасы.
  • Сіздер күткен үміттің барлығы осы күнге дейін орындалмады деп біз қылжынамыз, сол үшін де кешірім сұраймыз. Дей тұрғанмен біздер атқарған істер мен қадамның барлығы құқықтық алаңда болды және еліміздің саяси конфигурациясын өзгертуге үмітіміз бар. Солай болса да, Ақордамен жасырын байланыс бар деген сылтаумен біздің атымызға жалған айыптаулар келіп түсуде. Біз үшін оларды жоққа шығару қиынға түседі. Тарих бәрімізге өз бағасын берер, нәтиже қорытындысын шығарар деген үміттеміз.
  • Қадам жасалмай, қате болмас. Сол себепті де біз Форумның жұмысын өз еркімізбен тоқтатуға бел будық. Бір бөлігі саясатқа белсенді араласуын тоқтатса, енді біреулер Ермұрат Бапидің және партияның саяси кеңесінің келісімі болған жағдайда Ақиқат ЖСДП партиясына қосылуы әбден мүмкін.
    Ашаршылық, Магнитский тізімі, жымқырылған активтер және басқа да маңызды мәселелер бойынша жұмысты жалғастыру үшін Форум Европада тіркелетін болады. Ал көптеген адамдар жазып жатқандай жаңа партияны тіркеу қазір де, алдағы жақын уақытта да біздің жоспарымызда жоқ.
    Баршаңызға халық билігінің қалыптасуын және Қазақстанда шынайы демократияның жеңісін тілейміз» делінген мәлімдеме.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.