24-06-19 |
4370 рет қаралған
Дандыбаев: Әскери қоймадағы қару-жарақтың көбі совет заманынан қалған, уақыты өткен.
Дандыбаев: Әскери қоймадағы қару-жарақтың көбі совет заманынан қалған, уақыты өткен

Қорғаныс вице-министрі Тимур Дандыбаев Арыстағы жарылысқа қатысты пікір білдіріп, әскери қоймадағы қару-жарақтың көбі совет заманынан қалған, уақыты өткен әскери қару-жарақ екенін айтты. Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

«Совет заманынан мұраға қалған, советтік қару-жарақтар бар. Уақыты өткен қару-жарақты жою жұмыстарын жүргізіп келеміз. Бұл өзі өте қымбат процесс. Әзірге не болғаны туралы нақты ақпарат жоқ. Шамамен 50 пайызы қалған», – депті Тимур Дандыбаев (суретте).

Сондай-ақ, вице-министр Арыстағы бүгінгі жарылысты 2009 жылы оқиғамен салыстырмауды сұрап, оқиға орнында мамандар жұмыс істеп жатқанын айтқан.

«Біздің өкілдеріміз оқиға орнына кетті. Қазір эвакуация жүріп жатыр. Сөз жоқ, бұл төтенше жағдай. Дәл қазір жарылыстың мөлшерін, масштабын айту өте қиын» дейді вице-министр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.