25-06-19 |
2530 рет қаралған
Арыс тұрғыны: Жарылыс болған сәтте әлі шырт ұйқыды жатқан едік.
Арыс тұрғыны: Жарылыс болған сәтте әлі шырт ұйқыды жатқан едік

Елді есеңгіреткен Арыс  қаласындағы жарылыс   құзырлы органдардың бұндай  жағдайға  дайын еместігін көрсеткенімен,  бүгінгі таңда Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы  эвакуациаланған халыққа  қарапайым тұрғындардан бастап медициналық мекемелер мен еліміздің түкпір-түкпірінен ағылып келіп жатқан еріктілер тобының   жұмыла көтерген жүгіне қатысты ақпарат көптеп тарауда.

Жарылыс болған сәтте  үй-жайын тастап үдере көшкен тұрғындардың арасында   көп балалы ана Айгерім Алмаханова  да бар.  Жүкіткілігінің тоғызыншы айына жеткен келіншектін жағдайы толықтай дәрігерлердің назарында.

«Жарылыс болған сәтте біз әлі шырт ұйқыды жатқан болатынбыз. Бұл менің төртінші жүктілігім, әне-міне дегенде перзетханаға барамын деп жүрген едім. Төтенше жағдай  орын алғанда есеңгіреп, елімізде соғыс басталып кетті ме деп ойладым. Үйіміз көк түтінге оранды. Дереу бала шағамды алып, көлікке отырып, отбасымызбен бас сауғалап кеттік.  Жағдайдың мән-жайын  сосын білдік. Асығыс жағдайда киім-кешек, құжат алуға да мұрша болмапты.  Бас амандығын ғана ойладық.  Есімізді ауруханаға келіп бірақ жинадық. Болған жағдайға әлі де сене алар емеспін. Дәрігерлер барынша көмек көрсетіп,  жүкітілігімді бақылауға алып, тексеруден  өткізіп жатыр.  Аурухана әкімшілігі гигиеналық құралдар, киім-кешек, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіп отыр. Балаларым жанында, олар да дәрігерлердің бақылаында. Бір баламның жаралыстың жойқын толқынынан құлағына зақым келген деген күмән бар. Арнайы мамандар бақылауға алды » -деді Айгерім Алмаханова.

Денсаулық сақтау вице-министрі  Олжас Әбішев арнайы брифингте  жарылыстан зардап шеккен 165 адам медициналық көмекке жүгінгенін айтқан болатын.  Олардың 75-і  медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық емдеуге жөнелтілсе, 89 пациент стационарлық емдеуге жіберілгенін және жан сақтау бөлімдерінде 15 пациент жатқанын мәлімдеді.  Науқастардың көпшілігі Шымкент қаласының ауруханаларында ем қабылдауда.

Шымкент теміржол ауруханасының бас директоры Жадыра Мұхамбетқызының айтуынша қазіргі таңда аурухананың  Терапия бөліміне  Арыс қаласының 50 тұрғыны жатқызылды, оның ішінде  14 жасқа дейінгі 17 бала, ең кішісі бес айлық  сәби, аяғы ауыр 3 келіншек бар.

«Арнайы мамандар күні-түні осы жерде  болып, қажетінше медициналық көмек көрсетуде.   Сонымен қатар қажетті дәрі-дәрмекпен,   гигиеналық құралдырмен, киіммен  қамтамасыз етіліп және  тамақтандыру  мәселесі қарастырылған.   Бастысы қазір тұрғындарға психологиялық көмек қажет,   сол себепті біз қала бойынша орналасқан  медициналық  пункткерде  социолог пен психолог мамандарды орналастырдық.    Орталық мешітте,  теміржол вокзалында және 56 мектепте кешеден бері біздің мамандар зардап шеккен тұрғындарға  көмек көрсетуде. Қазіргі таңда әсіресе  балалардың   денсаулығы басты назарда,  ауа-райы температурасының жоғарлауына байланысты, эвакуацияланған халықтың бір жерге  көптеп шоғырлануы  салдарынан   жұқпалы инфекцияларды болдырмау шараларын жүргізудеміз. Ауруханаға қайырымдылық көмек ретінде әкелініп жатқан азық-түліктерді эпидемиолог мамандар арнайы тексеруден өткізіп беруде», – деді аурухана басшысы.

Айта кететін жәйт,   медициналық  пунктке жүгінген тұрғындардың басым бөлігінде қан қысымының жоғарлауы, қан құрамындағы қант мөлшірінің көтерілуі және бас ауруы сынды  белгілер анықталды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.