02-04-24 |
6500 рет қаралған
Тасқын су болатыны желтоқсанда ескертілсе де ТЖМ «қар суына дайын болмадық» дейді.
Тасқын су болатыны желтоқсанда ескертілсе де ТЖМ «қар суына дайын болмадық» дейді

Мемлекеттік «Қазгидромет» орталығының бас директоры Данара Әлімбаева облыстағы әкімдіктерге тасқын жайлы алдын ала ескерткендерін айтады.

«Желтоқсан айынан бастап ескерту жасап, БҚО, ШҚО, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Абай облыстарына тасқын қаупі төнетінін айттық. Бұл ақпарат әкімдіктерге жіберілген. Бұған қоса, наурыздан бастап, қауіп-қатерлер жайлы хабарлап, жүзден аса ескерту жіберілді. Ақпаратты әкімдіктер мен министрлікке де жібердік. «Қазгидромет» қолдан келгенін болжады, ақпарат ұсынды» деді Әлімбаева 2 сәуірде үкімет отырысынан соң.

Ал ТЖ вице-министрі Бауыржан Сыздықовтан «Қазгидромет» ескертуі неге ескерілмегені жайлы сұрады. Ведомство өкілі даладан келетін қар суына дайын болмадық деді.

ТЖМ мәліметінше, қазір елдің бес облысында 1405 тұрғын үй, 372 аула, 99 саяжай және он ғимарат су астында қалған. 50 елдімекенге жол жабылған. Ал төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықовтың сөзінше, қазір тасқыннан құтқару жұмыстарына 11 мыңнан аса адам мен 4 мыңнан аса техника жұмылдырылған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.