19-08-19 |
3590 рет қаралған
Серікжан Біләшті келісімге келуге президенттің кеңесшісі Мақсат Ысқақов көндірген бе?.
Серікжан Біләшті келісімге келуге президенттің кеңесшісі Мақсат Ысқақов көндірген бе?

Алматы қаласы Әуезов аудандық соты «Атажұрт еріктілері» тіркелмеген ұйымының жетекшісі Серікжан Біләш «кінәсін мойындап, прокурормен процессуалдық келісім-шартқа қол қойған. Процессуалдық келісімге сай, Біләшке бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған жоқ» деп хабарлады. Ал 16 тамызда сот оған 110 мың теңге айыппұл салып, қамаудан босатқан еді.

фото: rus.azattyq.org
фото: rus.azattyq.org

Сот шыққан Серікжан Біләш өз ісінің «президент кеңесшісінің араласуымен ерекше жағдайда шешілгенін» айтқан деп жазады Азаттық. Сондай-ақ, Серікжан Біләш Азаттық берген сұхбатында: «Менің ісім туралы ақпарат президенттің құлағына жеткен. Сол кісінің тапсыруымен Мақсат Ысқақов деген адам маған Нұр-Cұлтанда үйқамақта отырғанда төрт рет келген болатын. Осында, Алматыға келгеннен кейін үйге тағы бір келіп кетті. Соттың алдында тағы бір келді. Қысқасы өзінің ісімен, сөзімен мені иландырды» дейді.

Мақсат Ысқақов бірнеше ай бұрын президенттің кеңесшісі болып тағайындалған. Оған дейін ол Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болды.

Сот Серікжан Біләшті «Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру» бабы бойынша (174-баптың 1-бөлігі) айыпты деп тапқан еді.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.