«Нұр Отан» партиясының төрағасы және қауіпсіздік кеңесінің мәңгілік төрағасы, бұрынғы президент Н.Назарбаев үкімет басшысы Асқар Маминді қабылдады. Бұл туралы елбасының баспасөз қызметі хабарлады. Кездесу барысында биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері талқыланған.
Осыдан екі апта бұрын 6 тамызда Асқар Маминді президент Қ.Тоқаев қабылдаған еді. Онда Мамин Арыс қаласындағы қайта қалпына келтіру жұмыстарының барысы және Түркістандағы жаңа инфрақұрылым нысандарының құрылысы жөнінде баяндаған еді. Ал Назарбаев болса Маминге Арыс қаласының әлеуметтік маңызды нысандары мен тұрғын-үйлерді қалпына келтіру үдерісіне, сондай-ақ Түркістанды дамыту үшін қабылданып жатқан шараларға ерекше назар аударуды тапсырған.
Осылайша, Қазақстанда қос билік көрініс беріп келеді. Бұған дейін Н.Назарбаев «Қазақстанда қос билік болмайды. Бәріміз бір президентке қызмет етеміз» деген еді.
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024