02-09-19 |
1600 рет қаралған
Жолдаудағы саяси блок шалажансар – сарапшы.
Жолдаудағы саяси блок шалажансар – сарапшы

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев тұңғыш рет Қазақстан халқына Жолдау жасап, елдегі әлеуметтік-саяси және экономикалық түйіткілді мәселелерді көтерді. Тоқаевтің алғашқы жолдауына қатысты қоғам белсенділері, саясаттанушылар әлеуметтік желілерге түрлі пікір білдіріп жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауын сынға алған саясаттанушы Досым Сәтпаев 

Меніңше жолдаудағы саяси блок машинадағы ауа сергіткіш сияқты, иісі жағымды, бірақ  көліктің қызметіне әсер етпейді. Нақты ұсыныстар болған, орындаушылар мен адресаттар көрсетілген әлеуметтік-экономикалық бөлігіне қарағанда  саяси блок шалажансар сияқты, толыққанды ештеңе жоқ. Митингілер өткізуге болады, бірақ хабарлау арқылы емес, баяғы рұқсат алу арқылы жүзеге асады. Көппартиялылық керек, алайда либерализациясыз, партиялық заңнамасыз және Nur Otan-ның негізгі ықпалымен болады. Саяси модернизация қажет, тек қазір емес және тездетудің қажеті жоқ. Бұл Назарбаевтің мына бір сүйікті сөзін еске түсіреді: «Демократия орнату үшін тіпті АҚШ-тың өзіне қанша ғасыр керек болды». Ал әкімдерді таңдаудың орнына жай ғана оларға баға беруді және сол бағаның нәтижесінде олардың тағдырын шешуді ұсынады. Жолдаудан саяси сұраулар мен қоғам тарапынан кей бір талаптарға байланысты трендте болуға тырысу анық байқалады. Бірақ бұл сұрауларға реакция бір жерге үйілген сияқты, аморфты және қорқу байқалады. Саяси блокқа әсер еткен бірінші президенттің «Nur Otan» партиясы жиынындағы қатаң сөзі әсер еткен болуы керек. Онда саяси жүйенің түрлі сегменттерінің модернизациясынан гөрі консервациясына басымдық бергені анық еді.

Президент жолдауы көңілінен шықпағанын, бірақ негативке салынбайтынын ескерткен бизнесмен, қоғам белсендісі Марғұлан Сейсембай жолдауда ерекше атап өтуге тұратын және саяси тезистерге қатысты бес мәселе барын жеткізеді:

«1. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұзып-жарғыш саяси либерализация тұрақсыздыққа әкеп соғады. Сондықтан біз саяси реформаларды алға аттандаумен емес, ойластырып отырып жүргіземіз.
Бұған келісермін. Бірақ бұл онсыз да жоғалтып алған қаншама уақытымызды тағы да өткізу болмаса игі еді.

2. «Біздің принципіміз – саяси модернизациясыз экономикалық реформаларды жүргізу мүмкін емес», – деді Президент.
Міне, бұған 100% келісемін! Тіпті 500%!

3. «Заңда белгіленген тәртіпке сай, оларға (митинг) өткізуге рұқсат беру, ол үшін арнайы орын белгілеу. Алайда, ол қала сыртында болмауы керек», – деді.

Тұтастай алғанда, ілгерілеу байқалады. Бірақ, меніңше, митингілер ескертуші сипатта өтуі керек. Сондай-ақ, митингіні ұйымдастырушылар өз қауіпсіздігі үшін алаңдайтын болса, оны хабарлауы тиіс.

4. «Полицияның мемлекеттің күш құралы ретіндегі бейнесі біртіндеп келмеске кетеді. Ол азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қызмет көрсететін органға айналады».
Міне, тағы да 100500% келісемін!
Мен тек «біртіндеп» деген сөздің күнтізбеге қойылғанын және нақты мерзімін естігім келеді.

5. «Алдағы мәжіліс пен мәслихат сайлауы еліміздегі көппартиялы жүйенің одан әрі дамуына сеп болуы керек».
Не бұл? Жаңа партияны тіркеуді жеңілдету жөніндегі уәдесі ме, әлде тек сайлау сеп болуға «тиіс» деген тілегі ғана ма?
Өз басым бұл сөзді түсінбедім».

Ал президенттің қалған сөзін: «Өміріміздің жағымсыз сәттеріне байланысты халықтың әлеуметтік желілердегі реакциясына берген жауабы және мәселелерді ақшамен толтыру ғана. Десе де, мұның өзі жаман емес. Бұл дегеніңіз, ең болмағанда, биліктің әлеуметтік желілердегі наразылықтарды ести бастағанын көрсетеді»- деп есептейді М. Сейсембай.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.