10-09-19 |
1620 рет қаралған
Божко: Ешкімді ренжіткім келген жоқ.
Божко: Ешкімді ренжіткім келген жоқ

Мәжіліс депутаты В.Божко «Ешкімді ренжіткім келген жоқ. бірақ масылдыққа қарсымын. Осыны айтқым келген. Тағы қайталап айтамын, масылдыққа қарсымын. Сондықтан солай айттым» депті Азаттыққа.

Бұған дейін Божко: “Биліктің не істеп жатқанын түсініп, көру керек. Үш жылдың ішінде тұрғындарды әлеуметтік қолдау 17 рет өскен. Осы үшін ғана мемлекеттің алдында дізерлеп отырып рахмет айту керек. Ештеңе істемейтін адам шыға келеді де оған бәрін беріңдер дейді. Мұндай адамды қораға қамайтын қоғамдық пікір болуы тиіс” деп қоғамның сынына ұшыраған еді. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.