Шамалғандағы апатқа қатысты Қазақстан теміржолы ұлттық компаниясы арнайы мәлімдеме таратты. Онда пойыз автобуспен соқтығсар сәтте дабыл қоңырауын басқанын бірақ арақашықытық тым жақын болғандықтан машинист пойызды тоқтата алмағаны айтылады. Сондай-ақ, автобуыс жол кептелісі салдарынан теміржолдың үстіне тұрып қалуға мәжбүр болған екен.
«№757 АR 05 автобусының жүргізушісі өтпенің арғы жағындағы жолдың бостығына көз жеткізбестен, өтпенің үстіне шығып кетіп, орын алған «тығын» салдарынан өткелде тұрып қалуға жол берген. №43 жолаушылар пойызының жақындауы кезінде өткелдің дабыл құрылғысы автоматты түрде іске қосылып – өткел бағдаршамы «қызылға» жанып, шлагбаум автокөліктің өткелде тұрып қалуына байланысты соңына дейін жабылмай қалған. Өткел бойынша кезекші жолаушылар пойызын тоқтату үшін ескерту бағдаршамын іске қосу бойынша шара қабылдады.
Бұл орайда №43 жолаушылар пойызының машинисі жедел тежегішті іске қосқанымен, арақашықтықтың аздығынан қақтығыстың алдын ала алмады. Соқтығысу нәтижесінде автобусты жолдан қағып, KZ4AC-0010 электровозы зақымданды, бірақ жолдан шыққан жоқ. Қақтығыс салдарын №43 пойызының электрвозы ауыстырылып, 01 сағат 38 минут кешіктіріліп жөнелтілді, пойыз жолаушылары арасында зардап шеккендер жоқ» делінеді компания таратқан мәлімдемеде.
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
24.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024